"Цифрландыру - заман талабы. Astana Hub отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. "Digital Centre" (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты.
Astana IT University және Alem бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар - озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.