USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев елорда атауының өзгеруі туралы

  • 04.желтоқсан.2019, 14:00,
  • 513

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Немцова. Интервью" бағдарламасы аясында Deutsche Welle басылымына сұхбат берді.

Әңгіме барысында журналист Жанна Немцова Президенттен Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жайлы сұрады. 


"Нұрсұлтан Назарбаев дегенде біз - Қазақстан Республикасын құрушы адамды айтамыз. Зор құрметке лайық адам туралы, Ұлт көшбасшысы. Мен - заңды сайланған Президентпін, Мемлекет басшысы, Жоғарғы әскери қолбасшы. Арамызда ешқандай қайшылық жоқ. Бір-бірімізбен кеңесетінімізді жасырмаймын, кейде кеңес алып тұрамын. Бұл жерде қос билік деген ұғым жоқ", - деді Тоқаев. 


Мемлекет басшысы елорданың атауы өзгеруі туралы сұраққа да жауап берді. 


"Ол - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы. Біз оның еңбегі мен қызметіне лайықты жауап беруіміз керек. Мұнда артық кеткен ештеңе жоқ. Оның өзі осы және басқа да кейбір нысандардың атауын өзгертуге қарсы болған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  "Біз елордаға оның өкілеттігін тоқтатқан кезде жаңа атау бердік. Мен жаңа Президент ретінде елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс тастадым. Біз осы қалаға бірінші рет келгенде, ол қарапайым кеңестік кезеңдегі елді мекендердің бірі болатын. Иә, бұл қала еді, бірақ тым шағын болатын. Елорданы Целиноградқа ауыстыру батыл шешім болды. Негізінде бұл геосаяси шешім болатын. Қазақстанның дәл ортасындағы елорданың қазіргі жағдайы үлкен мағына бар", - деді ол. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Deutsche Welle
Тағы да оқыңыздар:
14.11.2019
01.11.2019
17.10.2019
22.07.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930