Қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралып жатыр. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53127 теңге; 6 балаға - 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға - 74 388 теңге.
"Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау процесінің мерзімі шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді", - делінген хабарламада.