USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Корея Республикасының СІМ басшысын қабылдады

  • 16.қазан.2019, 18:30,
  • 469

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан "Орталық Азия – Корея Республикасы" форумының 12-отырысына қатысуға келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хваны қабылдады.

Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасы, сондай-ақ, жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асу барысы жайында пікір алмасты.


Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-инвестициялық және технологиялық қарым-қатынастардың, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқыны жоғары екенін атап өтті.


"Президент Мун Чжэ Иннің сәуір айындағы сапары өте жемісті болды. Сапар барысында қол қойылған "Самал жел" бағдарламасы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп санаймыз. Біз экономика және бизнес салалары бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыра беруге ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оңтүстік кореялық дипломат өз елінің Президенті Мун Чжэ Иннің сәлемін жеткізіп, Қазақстанмен серіктестікті екіжақты, сондай-ақ, өңірлік негізде де әрі қарай дамытуға дайын екендерін растады.





скачать dle 12.0
Фото авторы : akorda.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.09.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930