"Шынымды айтсам, әзірше пікір білдіремін деп ойлаған жоқ едім. Өздеріңіз көргендей, мен Instagram желісінде өзімнің ұстанымым туралы пост жазған едім. Президенттің шешімі талқыланбайды. Кез келген адамның басында болып жатқан жайт, өзінің жеке жауапкершілігі. Мен жауапты адам ретінде барлығын түсінемін. Біз саяси мемлекеттік қызметкерлерміз. Саясатта мұндай жағдайлар болып тұрады, ерекше ештеңе көріп тұрған жоқпын. Сондықтан мен өз Отанымның патриотымын. Мен Қазақстанда тұрып, елімде қызмет етемін (...) Менде бәрі жақсы", - деп жазба қалдырған Ғабидолла Әбдірахымов.
Президент әкімшілік басышысы Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, Лондонда түсірген видео Мемлекет басшысы тапсырмасына қарама-қайшы келіп, үкімет атына нұқсан келтіреді.
"Жаңа әкімді тағайындаған кезде Әкімшілік жетекшісі бәрін, басшылық ұстанымы екенін айтты. Шыны керек, ол (видео) Отанынан жырақта жүруді ойлайтын жастарға үндеу еді. Қазақстанда әлемді аралау үшін барлық жағдай жасалған. Біздің елде кәсіппен айналысып, әкімдерден де көп қаражат табуға болады. Сондай шешім қабылданған соң, мен оны талқыламаймын. Біз басшылықтың шешімін талқыламайтын сарбазбыз", - дейді экс-басшы.
Өзінің болашақ жоспарлары туралы:
"Әзірше құпия ретінде сақтай тұруға рұқсат етіңіздер. Уақыты келгенде барлығын білетін боласыздар (...)
Жоқ, мен мемлекеттік қызметті сағынатын боламын деп айта алмаймын. Бұл да бір кезең болды, енді жаңа кезең басталады, бұл қалыпты жағдай ғой. Өмір жұмыспен шектеліп қалмайды. Тоқтап қалуға болмайды. Алға қарай жылжып, жақындарыма, қоғамға пайдалы іспен айналысу керек. Мемлкеттік қызметте жұмыс істемей-ақ қоғамға көмектесуге болады", - деп қорытты ол.