USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан сайлауы ЕҚЫҰ сынына ұшырады

  • 11.июня.2019, 17:00,
  • 596

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлау алды дайындықты жоғары дәрежеде өткенін мойындады. Алайда наразылығын тудырған жайттарды атап өтті.


Сайысқа қатысушы 7 үміткер, оның ішінде алғаш рет әйел адам — Дания Еспаеваның болғаны бұрын соңды болмаған жайт. Нағыз мақтануға тұрарлық көрсеткіш екенін байқады. Ал "басқарушы биліктің басымдылығы" мен "сыни көзқарасқа көрсеткен қысым" — өткен сайлаудың басты кемшілігі болып танылды. Үміткерлердің өздері де билікті сынаған жоқ деп ескертілді. 


"Сайлау — демократиялық бірігу мен политикалық, қоғамдық әрі құқықтық реформалардың қажеттілігіне бірден-бір дәлел. Жаңа тағайындалған президент пен үкімет бұл мүмкіндіткі дұрыс пайдаланып, азаматтардың үмітін ақтай білу керек. ЕҚЫҰ бұл бағытта ілгері қозғалу үшін Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын", — деп, Арнайы үйлестіруші және ЕҚЫҰ қысқамерзімдік бақылаушылар миссиясының басшысы Георгий Церетели мәлімдеді.


ЖОО студенттері мен мемлекет қызметшілерін қазіргі президент үшін дауыс беруді мәжбүрлегені Батысқа мәлім. Азаматтардың бейбіт шерулерге шығу құқығын шектеу, оларға қатаң қысым көрсету де алаңдататын мәселе. "Бүл Қазақстанның осыдан 20 жыл бұрын бекіткен демократиялық ұстанымдарға қарама-қайшы", — деп қорытындылады ЕҚЫҰ.

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz сайтынан
Тағы да оқыңыздар:
11.06.2019
11.06.2019
09.06.2019
31.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031