Ол бұл кітапты жақын арада шығаратын ойы бар екенін айтты. Экс вице-министрге шетелдік және ресейлік БАҚ өкілдері ұсыныс тастаған. Алайда Суханбердиева кітапты Қазақстанда шығаруға шешім қабылдапты.
"Түрмеде өткізген 34 күнде мен кітап жаздым. Кітап жақында шығады. Бұл әйелдер түрмесі жайлы алғашқы кітап. "Түрме вице-министр көзімен» атты өте қызық кітап болады. Мұнда тек менің түрмеде өткізген өмірім емес, сондағы барлық адамдар мен олардың ойлары туралы жазылады", - деді Суханбердиева.
Сот отырысынан кейін журналистер экс вице-министрден алдағы уақытта қай салада жұмыс жасағысы келетінін сұрады.
"Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар, сондай-ақ ұстаздық етуге болады", - деді ол.