Білім және ғылым вице-министріне қатысты қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданының № 2 сотына түскен болатын. Суханбердиеваны сот залына айдауылдар жеткізді.
Сот отырысы барысында Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындап, тергеу көрсеткен дәлелдерге қарсылық білдірмегені. Бұл туралы прокурор хабарлады.
"Күдіктілер дәлелдерге наразылық танытқан жоқ", - деді мемлекеттік айыптаушы.