Соңғы екі күнде болған әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі
"Өзім әлеуметтік желілерді, әсіресе Twitter-ді жиі қолданамын. Бірақ олардың бұғатталуы жайлы естімедім. Соңғы кездері әлеуметтік желілердің халық арасына іріткі салудың бірден-бір қаруы болғанымен, арандатушылықпен бұндай жолмен күресу қате пікір. Құқық қорғау органдарына тиісті нұсқаулық беріледі".
Сайлауға бойкот жариялау жайлы
"Сайлауға, басқа мәселеде болсын, өз басым бойкоттарды жақтамаймын. Өткен сайлауда қатысқан адам саны — бойкоттың жеңілісі деп білемін. Ешкім азаматтарға таңдау мен қатысуда қысым көрсеткен жоқ".
Азаматтардың қауіпсіздігі туралы
"Өзіңіз байқаған боларсыз, полиция қызметкерлері ұстамдылық танытуда. Арандатуға қарамастан, Құдайға шүкір, мәселе қақтығыстарға дейін ушыққан жоқ. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің міндетіміз".
Ел сайлауына ЕҚЫҰ-ның берген бағасына жауап
"ЕҚЫҰ — бар болғаны халықаралық ұйымдардың бірі. Дәл осы ұйымның берген бағасына назар аудару дұрыс емес. Сайлау жайлы пікір білдірген басқа да ұйымдар жеткілікті. Олардың қызмет етіп жатқан елге байланысты біржақты пікірі жайлы хабардармын. Бұл ұйыммен әрі қарай да серіктесіп жұмыс істейміз".
Журналистермен кездесу жоспары
"Дәстүр өз жалғасын табады. Журналистермен санасуымыз керек. Өз басым бұндай кездесулерді пайдалы әрі қажет деп санаймын. Қойылатын сұрақтар еш шектелмейді, пресс-секретарьдің өзі оны қажет етпесе. Алайда ол да болмайды, мен БАҚ-пен тілдесуге ашықпын".