USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет 2022 жылы 31 заң жобасын әзірлеуді жоспарлауда

  • 10.қараша.2021, 11:51,
  • 166

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары 31 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздейтінін, оның ішінде 11-і – бірінші жартыжылдыққа, 20-сы – жылдың екінші жартысына жоспарланғанын айтты.


Заң жобалары мемлекеттік қызмет, жылу энергетикасы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын одан әрі дамытуға және реттеуге, терроризмді қаржыландыруға және кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл тәсілдерін, агломерацияларды дамытуға, азаматтық және қылмыстық заңнаманы жетілдіруге және т. б. бағытталған.


"Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін" және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Сәйкестікті бағалау туралы", "Кәсіби біліктілік туралы", "Жылу энергетикасы туралы", "Агломерацияларды дамыту туралы" бес жаңа заң әзірлеу жоспарда бар.


Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасын және олардың Парламентке уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
26.12.2020
24.12.2020
21.11.2020
22.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031