USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Парламент Мәжілісі Темірхан Досмұхамбетовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

  • 02.қараша.2021, 13:09,
  • 512

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің және Палата депутаттарының атынан белгілі мемлекет қайраткері, V сайланған Мәжіліс депутаты Темірхан Досмұхамбетовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Мәжіліс Спикері Темірхан Досмұхамбетовтің еліміздің дамуына, соның ішінде, елордамыздың қалыптасуына, туризм және спорт саласының, ауыл шаруашылығының өркендеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.


– Темірхан Досмұхамбетов өзінің заң шығарушылық қызметін Жоғарғы Кеңестің 12-ші шақырылымынан бастап, одан кейін Мәжілістің V шақырылымының депутаты болып, отандық заңнаманы жетілдіруге ықпал етті. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде ел мүддесін қорғау жолында өз қолтанбасын қалдырды. Ел игілігі үшін елеулі еңбек еткен белгілі тұлға, сенімді әріптес Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтың ақжарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.10.2021
24.09.2021
23.06.2021
16.06.2021
07.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031