USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Тәжікстан Мәжіліс төрағалары кездесу өткізді

  • 24.қыркүйек.2021, 12:19,
  • 217

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті. Онда екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды.

Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы екенін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан басшылығының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос елдің стратегиялық серіктестік деңгейіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон орнатқан ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижесіне екеніне назар аударды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдағы Душанбеге ресми сапары өзара іс-қимылдың дамуына серпін берді.


Өз кезегінде, Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомали екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді:


- "Біз бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынастың бүгінгі деңгейін бағалаймыз. Достас екі мемлекет басшыларының сенімді диалогы біздің елдеріміздің өзара табысты іс-қимылының қарқынды дамуына және құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етеді", - деді Рустам Эмомали.


Тараптар Қазақстан-тәжік қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде мемлекеттер алдында тұрған барлық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті.


Мәжіліс Спикері Палата депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтып, Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды.


Кездесу барысында Ауған мәселелері тұрғысынан өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2021
28.06.2021
07.06.2021
01.04.2021
11.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930