USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорданың білім басқармасының басшысы жауапқа тартылды

  • 01.қараша.2021, 11:31,
  • 134

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Ш.Сейсенбай бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында төмендегілер анықталды: Ш. Сейсенбай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің елордалық білім басқармасының басшысы лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын ҚР ҚК 176-б. 3 б. "б", "г" т. және ҚР ҚК 317-б. 1-б. (1997 жылғы редакциясында) сотталған қызметкерді қабылдады.


ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді.


Сонымен қатар, 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады.


Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаментімен 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-і мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға теңестірілген тұлғалар болып табылады. Өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 2,1 млн теңгені құрады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.08.2021
12.07.2021
16.04.2021
26.02.2021
07.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031