USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында 20 жуық басшы сотталды

  • 25.августа.2021, 10:48,
  • 237

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев ағымдағы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады.

Жандос Жұмабаевтың айтуынша, жыл басынан бері жедел-тергеу бағыты бойынша 84 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 66-ы жемқорлық фактісі бойынша орын алған. Ауыр құраммен 56 қылмыс, аса ауыр құрам бойынша 5 қылмыс тіркелген.


Жалпы осы уақыт ішінде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 78,3% көрсеткішті құрап отыр.


Есептік кезеңде қылмыстық жауапкершілікке барлығы 147 тұлға тартылған. Алматы облысында жыл басынан бері қылмыстық жауапкершілікке тартылған 19 басшының құрамында: облыстық маңызы бар - 6 басшы, аудандық деңгейдегі - 7 басшы, қалалық деңгейдегі - 5 басшы және 1 ауылдық деңгейдегі басшы бар.


Сонымен қатар, есептік кезеңде "жүйелі" сыбайлас жемқорлықтың 8 фактісі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 адам әшкереленді. Жалпы саны 31 қылмыс тіркеліп, 4 қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды, 1 адам сотталды.


Сондай-ақ, жыл басынан бері барлық аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың сомасы 812,5 млн. теңге құрады. Бүгінгі күні 792,1 млн. теңге өтелді, яғни аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың өтелуі 97,5% көрсеткішті құрайды.


Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен Алматы облысының 3 тұрғыны 612 570 теңгеге көтермеленді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2021
09.04.2021
29.01.2021
29.01.2021
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031