USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Премьер-Министр шекарадағы эпидахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды

  • 26.қазан.2021, 11:32,
  • 236

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады, дейді primeminister.kz.


Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған. Вирустың репродуктивті индексі – 0,96. Инфекциялық төсек-орындар 37%, реанимациялық төсектер 30% толы.


Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы "жасыл аймақта", Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары "сары аймақта" орналасқан. Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.


Бүгінгі таңда 8,2 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.


Көрші елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.


Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.


Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.


Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңыздылығын, денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцина алу екенін түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
25.05.2021
20.04.2021
12.04.2021
09.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930