USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Әзербайжан Парламент төрағалары кездесу өткізді

  • 29.қыркүйек.2021, 13:42,
  • 241

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларының уағдаластықтарын заң жағынан қолдау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға арналған мүмкіндіктерін атап өтті.


Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті комитеттердің бірлескен жұмысын жандандыруды, заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты.


Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауырлас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін берік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді.


Өз кезегінде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдерімізді түркі дүниесіне ортақ мәдениет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті.


Сонымен қатар, Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындылары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ түркі елдері арасындағы жан-жақты ықпалдастықты дамытатынына сенім білдірді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
28.06.2021
07.06.2021
11.03.2021
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30