USD 528.52
EUR 539.14
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нығматулин Матвиенкомен мәселе талқылады

  • 28.июня.2021, 13:25,
  • 244

Нығматулин Матвиенкомен мәселе талқылады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мемлекетті тамырын тереңге тартқан көп ғасырлық тарихи ортақ тамырластық біріктіреді.

Сондай-ақ, Палата Спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қамтамасыз ету барысындағы жетістіктер жайында баяндап берді.

Өз кезегінде Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бастап отырғанын атап өтті.

Валентина Матвиенко еліміздің 30 жылдық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің экономикасы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демократиялық елге айналғанын, Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екенін, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен табысты жалғасып келе жатқанын баса айтты.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара тиімді іс-әрекетке, өзара құрметке негізделген берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта қарқынды дами беретініне тоқталды.

Кездесу иелері парламентаралық, соның ішінде, ТМД парламентаралық ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт парламенттік ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық Одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жөнінде әңгімеледі.

Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко парламентаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.



#Нығматулин #Матвиенко #мәселе #кездесу #Парламент 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.06.2021
01.04.2021
11.03.2021
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031