USD 444.14
EUR 477.05
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды

  • 17.қыркүйек.2021, 15:48,
  • 96

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ілияс Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады.


2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.


2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.


2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.


2017-2018 жж. — "Евразия" корпорациясы" ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.


2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.


2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.


2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031