USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ляззат Сүйіндік қызметінен босатылды

  • 23.июня.2021, 17:49,
  • 461

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің басшысы қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ПремьериМинистрінің сайтында хабарланды.


"ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды", делінген хабарламада.


Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған.


2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған.


2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы.


2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.


2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031