USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Венадағы Парламент спикерлер конференциясы Нығматулин қатысады

  • 06.қыркүйек.2021, 11:34,
  • 271

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады

Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады.


Парламент өкілдері көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған.


Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған.


Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.06.2021
14.04.2021
11.03.2021
30.10.2020
31.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031