USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Балаларды қорғау заң жүзінде болу керек", - Нығматулин

  • 15.қыркүйек.2021, 13:15,
  • 116

Бүгін, 15 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Отырыс барысында депутаттар мен мемлекеттік орган өкілдері балалардың құқықтарын қорғауға қатысты пікір алмасып, заң жобасын жан-жақты талқылады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасында балалардың тұрғын үй және отбасылық жағдайда мүдделерін қорғауға, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мәселелері қарастырылғанын атап өтті.


Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, соның ішінде, буллинг пен кибербуллинг қоғамда қатты алаңдаушылық тудырып отыр. Балаларды осы қауіптен қорғайтын нақты нормалар қажет.


Санды мәліметке жүгінсек, 18 жасқа дейінгі жастар арасында өткен жылы 143 суицид және 306 өз-өзіне қол жұмсауға әрекет ету жағдайы болған. Тек жарты жылдың ішінде 105 суицид пен 193 өзіне қол сұғу әрекеті болған.


- "Шынымен буллинг және кибербуллинг деген – ол өте қауіпті нәрсе. Ол балалардың психологиясын бұзатын, суицидке алып баратын жол. Сондықтан, жаңа айтып кеткендей, балаларды, әсіресе, мектеп балаларды, буллинг және кибербуллингтен толықтай қорғайтын нақты нормалар енгізуіміз керек. Осыған байланысты, екінші оқылымға дейін тиісті жұмыс өткізу қажет", - деді Палата спикері.


Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл заң жобасы қазіргі қоғамға қажетті көптеген мәселелерді, әсіресе, балалардың құқығын қорғау жолындағы проблемаларды шешуге тиіс.


Палата Спикері атап өткендей, қазір балаларды қорғау үшін отбасылық қатынастар, білім беру, денсаулық сақтау салаларында қосымша шаралар қарастырылды. Заң жобасында жазылған нормалар, соның ішінде интернетте азаматтарды, әсіресе, балаларды осындай буллинг және кибербуллинг сияқты құбылыстардан қорғау керек.


Бұл нормалар заман талабы екенін айтқан Нұрлан Нығматулин осы заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтарды интернет арқылы қысым көрсетуден заң деңгейінде қорғау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталғанын айтты.


Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасының пікірінше, бір ғана заң жобасымен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды шешу мүмкін емес.


- "Бұл жерде, әрине, жүйелі шаралар, кешенді тәсілдер қажет. Ол үшін, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, педагогтар мен ата-аналар қауымының бірлескен жұмысы қажет. Ал, депутаттық корпус өз тарапынан балалардың құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру бойынша заңнамалық жағынан қолдау көрсетуге дайын", - деді Нұрлан Нығматулин.


Айта кету керек, заң жобасымен жұмыс істеу барысында балалардың тұрғынжайға құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ отбасылық қатынастарда баланың мүдделерін қорғауға және интернет желісіндегі құқыққа қарсы контенттің алдын алуға арналған бірқатар нормалар қарастырылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.05.2021
28.04.2021
09.12.2020
11.11.2020
31.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031