USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Азамат Батырқожа қызметінен босатылды

  • 23.августа.2021, 12:08,
  • 182

Батырқожа Азамат Байқуанышұлы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице -министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.


Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


Ф.Е. Дзержинский атындағы стратегиялық зымыран күштері әскери академиясын, "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.


Еңбек жолын 1995 жылы жеке компанияда күзет бөлімінде арнайы технигі болып бастады.


1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.


Осы жылдар ішінде ол жекеменшік компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, Көлік және коммуникация министрліктерінде әртүрлі қызметтерді атқарды.


2019 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш вице-министрі болды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031