USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауылшаруашылық министрі тағайындалды

  • 01.қыркүйек.2021, 17:04,
  • 107

Мемлекет басшысы Ербол Қарашүкеевті Ауылшаруашылығы министрі етіп тағайындады.

"Қарашүкеев Ербол Шырақпайұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірген (1997), Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.


Еңбек өтілі:


Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.


- ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты (1999-2001);


- коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген (2001-2003);


- "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының міндетін атқраушы, директоры – басқарма мүшесі (2003-2006);


- ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаменті, "ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры (2006-2007);


- "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (2007-2009);


- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры (2010-2012);


- "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2012-2016);


- ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019);


- ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы (2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында);


- "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы (2019-2021);


- ҚР Қаржы вице-министрі (2021 жылғы сәуір-шілде аралығында);


- ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің міндетін атқарушы (2021 жылғы шілде айынан бастап).

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
04.05.2021
04.03.2021
Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.


02.03.2021
25.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930