USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы құрылуы қажет

  • 01.қыркүйек.2021, 12:08,
  • 131

ҚР Парламенті жетінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын, Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережелері қажет екенін айтты.

Президент, негізінен, ұлттық қарыздың төмендігінің және елеулі резервтердің болуына байланысты Қазақстан пандемия салдарын салыстырмалы түрде сәтті еңсеріп келе жатқанын атап өтті.


"Бұл - біздің бәсекелестік артықшылығымыз. Енді оны жоғалтпауымыз маңызды. Алайда, соңғы кездері шығыстық міндеттемелерді жабуда бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің ұлғаюы сынды ұнамсыз құбылыс пайда болды. Үнемі осындай оңай жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шектеусіз емес", - деп ескертті Мемлекет басшысы.


Оның айтуынша, бюджет кірісін ұлғайту үшін шаралар қабылдау қажет екені әбден айқын.


"Бірақ бізге, бірінші кезекте, мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігін бақылау қажет. Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесінің орындалуын жеделдету қажет. Тиісті заңнамалық түзетулер 2021 жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс. Жалпы алғанда, елімізге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын, Ұлттық қорды басқарудың бірқатар ережелері қажет. Мен үкімет пен Ұлттық банктен жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын дайындауды сұраймын", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
30.01.2021
26.12.2020
28.07.2020
15.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031