USD 510.81
EUR 578.59
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Nur Otan"-ға қарасты Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

  • 22.қантар.2021, 16:15,
  • 355

"Nur Otan"-ға қарасты Қоғамдық саясат институтының директоры қызметіне Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. 

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшы алдына бірқатар бірінші кезекте қолға алынуы тиіс міндеттер қойды, соның ішінде әлеуметтік-саяси күн тәртібіне сәйкес әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Оның айтуынша, нақты бастамаларға бағытталған мақсатты және сапалы зерттеулер жүргізу қажет. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс қаншалықты жақсы жүргізіліп жатқанын, қандай индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізіліп жатқанын, жергілікті халық сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асырудың әсерін қалай сезінетінін және т.б. көрсетуі керек.

Мәдина Нұрғалиева бұл тағайындауға дейін ҚЗСИ Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы болды.

Ал алдында осы қызметті атқарған Юлия Кучинская ҚР Парламенті Мәжілісінде "Nur Otan" фракциясының депутаты болып кетті.



#тағайындау #нұротан #саясат #мәдинанұрғалиева 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30