USD 444.14
EUR 477.05
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Ауғанстаннан Орталық Азияға қауіптің ықтималдығына назар аударды

  • 03.қыркүйек.2021, 14:22,
  • 1 612

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан Орталық Азия аймағына төнуі мүмкін қауіп-қатер мен тәуекелдерді атады.

"Меніңше, көп зардап шекккен бұл елден туындайтын қауіптер мен тәуекелдер түрі айқын. Америкалықтар кеткеннен кейін, ол арада 85 млрд доллардан асатын ең үлкен қару-жарақ қалды, онда да озық үлгісі. Босқындардың бас сауғалау қаупі сақталып отыр. Осындай шетін мәселелерде біз Ресеймен және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен бір қатарды ұстанатынымыз қуантады", - деді Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумында.


Ол Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәселелер қаралған ҰҚШҰ отырысын еске алды.


Президенттің айтуынша, отырыста осы елден туындайтын тәуекелдерге қатысты шоғырландырылған позицияны ұстану туралы шешім қабылданды.


"Әрине, біз сөзге емес, іске қарап бағалау керек деген тұжырымға сүйеніп, қазір біз Ауғанстандағы жағдайдың ары қарай өрбуін, билікке келген тәліптердің саясатын сырттай мұқият бақылап отырамыз. Біздің тілегіміз, әрине, төзімді елде ақыры тұрақты бейбітшілік орнаса дейміз", - деді Тоқаев.


Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Жолдауында Ауғанстандағы жағдай туралы да айтты. Ол бұл ретте ең нашар сценарийге дайындалу керектігін атап өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.08.2021
16.08.2021
19.07.2021
09.07.2021
10.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031