USD 503.35
EUR 590.63
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауғанстандағы қазақ жанұяларының барлығы бірдей көшкісі келмейді

  • 20.августа.2021, 14:10,
  • 293

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин этникалық қазақтарды Ауғанстаннан көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ олардың барлығы бірдей елден кеткісі келмейтінін айтты

"Олардың пікірін ескеру қажет: олар эвакуациялауды қалайды ма, соны сұрауымыз тиіс. Өйткені кейбіреулері аса ынталы еместігі туралы мәліметтер келіп түсіп жатыр. Олар, басқалар сияқты, қазір қарап, әліптің артын бағып отыр. Эвакуациялауға адамдардың жеткілікті саны толғаны туралы белгі түсе салысымен, тиісті шешім қабылданады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында", - деді ОКҚ-дағы брифингіде Ақан Рахметуллин.


Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Ауғанстанда 13 этникалық қазақ отбасы тұрады.


"Олар бүкіл елдің әр аумағында шашырап жатыр, негізінен солтүстік провинцияларда. Елшілік олармен үнемі байланыста. Оларда да топтың белсенді өкілі бар, ол елшілікпен үнемі байланыс ұстап отырады",- деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031