USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауған шекарасына қазақстандық сарбаздар жіберіледі ме?!

  • 09.июля.2021, 12:38,
  • 229

Ауғанстандағы жағдай ушығып кетсе, тәжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгершілік күш жіберіле ме? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев жауап берді. 

"Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолдау мақсатында қандай да бір контингенті жіберу үшін біз бірнеше шарттарды орындауымыз керек. Шарттардың бірі, ең алдымен, ҰҚШҰ елдерінің бірінің практикалық көмек көрсету туралы ресми үндеуі", - деді Дәндібаев.


Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім қабылданып, оны Парламенттің бекітуі қажет.


"Біздің еліміздің парламентінің рұқсатымен ғана кез келген шектеулі контингент өзінің халықаралық миссиясын орындау үшін жіберіледі. Егер осы шарттар орындалса, біз, тиісінше, халықаралық міндеттемелерімізді орындауға дайын боламыз", - деп нақтылады ол.


7 шілдеде Тәжікстан билігі ҰҚШҰ-ға мүше елдерден америкалық әскер аймақтан шығарылғаннан кейін Ауғанстанмен шекарада туындаған жағдайға байланысты көмек сұрады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.05.2021
14.04.2021
10.03.2021
27.01.2021
17.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031