USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Брюссельге баратын болады

  • 19.августа.2021, 19:00,
  • 191

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.


Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.


"Біз Еуропалық Одақпен қарқынды сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қазақстан – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 24 миллиард долларға жуықтады", – деді Қазақстан Президенті.



Мемлекет басшысы мен Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі дағдарыстан кейінгі кезеңде өзара іс-қимылдың бағыттары ішінде жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялар, инфрақұрылым мен денсаулық сақтау салаларына ерекше басымдық берілетінін атап өтті.


Халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Ауғанстандағы жағдайға ерекше мән берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр.


Тараптар Ауғанстанның барлық аумағында жуық арада жағдайдың тұрақталып, қоғамдық тәртіптің орнығуына, адам құқықтары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін білдірді.


Қазақстан Президенті мен Арнаулы өкіл Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынаста аталған мәселенің маңызын ескере отырып, байланыстарды қолдауға дайын екендерін нақтылады.


Тери Хакала Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясын қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында Тараптар Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары мен келешегі, оның ішінде Түрікменстанда өткен Мемлекет басшыларының үшінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
06.08.2021
01.01.2021
01.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930