USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанмен сөйлесті

  • 01.қантар.2021, 14:25,
  • 380

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған 2021 жылдың алғашқы күнінде бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады.

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясына қарамастан екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын атап өтті.


Былтыр өзара сауда көлемі 2,6 миллиард долларды құраған. Мемлекет басшысы сауда-саттықты арттыруға және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға күш салуды ұсынды. Түркия Президенті мұндай ұсынысты қабыл алып, соның нәтижесінде бірлесе отырып сауда көлемін үш есеге ұлғайтуға болатынын айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары Түркияның халықаралық аренада ықпалы артқанын, оған Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға қатысқаны да куә болатынын атап өтті. Режеп Тайип Ердоған көп жылдық қақтығысқа Түркияның араласуына қатысты берілген бағаға ризашылығын білдірді.


Түркия Президенті короновирус пандемиясына қарсы екі елдің іс-қимылын жоғары бағалап, Қазақстан басшылығының батыл әрекетінің арқасында мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынғанын жеткізді.


Режеп Тайип Ердоған биыл қаңтардың 10-ы күн өтетін Парламент сайлауына сәттілік тілеп, дауыс беру барысын Түркияның өкілдері бақылайтынын айтты.


Әңгімелесу соңында тараптар осы жылы Түркия Президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.10.2020
01.08.2020
24.07.2020
24.12.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30