Кездесу Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы алдында болды.
"Мен осы ұйымның (Еуразиялық экономикалық одақ - ред.) Құрметті төрағасы ретінде бәрін бақылап отырмын және бұл ұйымды нығайтуымыз керек, басқалар да осында болатындай, көршілерді айтамын ... Өзбекстан, Тәжікстан болуы керек, бізге Түркіменстанмен де жұмыс істеу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕАЭО - Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік негізінде құрылған, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп жатқан халықаралық экономикалық интеграциялық бірлестік. ЕАЭО мүшелері - Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері.