USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кабулдағы Қазақстан елшілігін талибан күзетіп отыр

  • 20.августа.2021, 15:22,
  • 210

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін күзететінін айтты.

"Кабулдағы біздің елшіліктің хабарлауынша, тәліптердің бір бөлігі келген бетте біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген. Елші көшеге шыққан, көшеде полиция да, күзет те болмаған. Бір тәліп жақындап келіп одан: "Сен кімсің, қандай елшіліктесің?" деп сұраған. Бұл Қазақстанның елшілігі екенін айтыпты. Олар: "Ештеңеден қорықпаңдар, қалай жұмыс істеп жатырсыңдар, солай жұмыстарыңды істей беріңдер, сендер біздің қорғауымыздасыңдар" депті. Содан бері олар біздің елшілікті күзетуде. Әзірге тек осы деңгейде ғана байланыс болды", - деп түсіндірді Рахметуллин.


Алдында ҚР СІМ Қазақстанның бұл елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырғанын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдайтынын айтқан.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.08.2021
16.08.2021
27.05.2021
23.04.2021
06.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031