USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жириновский енді Қырғызстанға тиісе бастады

  • 10.августа.2021, 19:08,
  • 188

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Ресейдің Қырғызстандағы елшісін кері қайтаруды ұсынды.

Саясаткер елшіні "тез арада" қайтаруды, сонымен бірге Қырғызстанмен "коммерциялық байланыстардың бәрін тоқтатуды" талап еткен. Жириновскийдің осындай талап қоюуына Бішкекте орыс тілінде сөйлейтін сатушы әйелге шабуыл жасалуы себеп болған.

Саясаткердің айтуынша, "қырғыз елшілігі алдында өте қатаң пикет өткізу керек".


"Мен де келем. Сөйтіп қатаң түрде Қырғызстанның Ресейдегі жұмысшыларын депортациялауды талап етеміз", - деген Владимир Жириновский.


2021 жылдың басында Жириновский Ресейге Орталық Азия елдерінің мигранттарын кіргізудің қажеті жоқ деп мәлімдеген.


2013 жылы Қырғызстан Владимир Жириновскийді персона нон грата деп жариялаған. Сол кезде саясаткер қырғыздар қарызды кешіргені үшін Ресейге Ыстықкөлді сыйлауы тиіс деп мәлімдеген. Саясаткердің Қырғызстанға келуіне салынған тыйымның алынған-алынбағаны әзірге белгісіз.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.08.2021
04.08.2021
08.06.2021
26.03.2021
27.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031