USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті

  • 06.августа.2021, 10:42,
  • 267

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшыларымен кездесуі кезіндегі суреттері жарияланды.

Бұл суреттерді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.


"Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі", делінген суреттер топтамасы астындағы жазбада.


Атап айтқанда, суреттер топтамасынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты да көруге болады.



Айта кетсек, 6 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Қазақстан Президенті мұнда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.


Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.08.2021
05.07.2021
05.10.2020
13.09.2019
05.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930