USD 480.55
EUR 533.75
RUB 5.36
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет бизнесті қолдау бойынша шараларын талқылады

  • 03.августа.2021, 15:11,
  • 235

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды.

Атқарылған жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Амандық Баталов баяндады.


Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 142 млрд теңге сомасына 334 жоба қаржыландырылды. Осы жылдың соңына дейін 424 млрд теңге сомасына 724 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Қазіргі кезеңде БЖК-2025 бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 492 млрд теңгеге 23 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілді.


Осы жылдың соңына дейін шамамен 1,2 трлн теңге сомасына 32 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілетін болады.


2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағдарламалармен 90 мыңнан астам жұмыс орны қамтылады.


Бизнесті қолдаудың барынша сұранысқа ие бағыттары – сауда (47%), қызмет көрсету саласы (15%), өңдеу өнеркәсібі (13%), көлік және қоймалау (9%), сондай-ақ құрылыс саласы.


Бүгінгі таңда бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 1 теңге субсидия бюджетке алты еседен астам салықтық түсімдер түрінде қайтарылады.


"Пандемия жағдайында Үкіметтің “Атамекен” ҰКП-мен бірлесіп қабылдап жатқан бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары өз тиімділігін көрсетті. Аталған бағдарламалар аясында жоспарланған шаралар осы жылдың соңына дейін толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс", – деп атап өтті А. Мамин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.07.2021
15.07.2021
01.09.2020
18.05.2020
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30