USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еңбек министрлігі мен ДСМ жаңа өкілеттіктерге ие болды

  • 27.июля.2021, 13:54,
  • 181

2021 жылы 19 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Қаулыға қол қойды. 

Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қон, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктерден бөлек халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін өткізіп беру арқылы қайта құрылымдалады.


Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру бойынша Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін өзіне өткізіп алды:

- 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында отырған адамдарға қатысты;
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



#Еңбекминистрлігі #ДСМ #Тоқаев #қаулы #Президент 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Ақорда
Тағы да оқыңыздар:
02.06.2021
28.01.2021
01.09.2020
04.07.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930