USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаевтың саяси реформалары

  • 16.июля.2021, 12:14,
  • 140

Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлім етті.


"14 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды. Республикада сайлауға қатысу үшін барлығы 2 582 адам өз кандидатураларын ұсынды, оның 2 297-сі немесе 88,9% қажетті тіркеуден өтті. 878 адам (38,2%) саяси партиялар атынан өз кандидаттығын ұсынды", - дейді Ерлан Қарин.


Сондай-ақ ол еліміздің барлық алты саяси партиясы өз кандидатураларын ауыл әкімдеріне ұсынғанын атап өтті.


"Кандидаттардың көпшілігі, атап айтқанда, 1 419 немесе тіркелген кандидаттардың жалпы санының 61,8% - өз-өзін ұсынушылар. Бұл - өте маңызды көрсеткіш. Яғни, жаңа нормалар белсенді азаматтарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға қосымша мүмкіндіктер туғызды. Мұның бәрі президенттік саяси реформалардың қоғамда үлкен қызығушылық тудырғанын байқата алады", - деді Қарин.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.07.2021
25.05.2021
30.07.2020
21.05.2020
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031