USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

  • 02.июня.2021, 17:12,
  • 180

Президент Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты. 

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз, делінеді.

Бұған дейін Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінде қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізген. Шахматшы үлкен додалардағы жетістіктерінің арқасында ер гроссмейстердің нормасын орындап тастады. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азияда осындай атаққа жеткен тұңғыш бұрымды болып отыр, дейді vesti.kz.

Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.



#шахматшы #жеңіс #Тоқаев #Президент #құттықтау 

скачать dle 12.0
Фото авторы : facebook.com / Берік Уәли
Тағы да оқыңыздар:
01.05.2021
19.04.2021
08.11.2020
12.10.2020
01.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930