USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

  • 12.қазан.2020, 18:37,
  • 430

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің екі ел арасындағы берік достық байланыстарды және стратегиялық әріптестікті дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

Қазақстан Президенті бауырлас екі халықтың мүддесі жолында күш-жігер біріктіру арқылы көпжақты қазақ-тәжік ынтымақтастығы жаңа белестерге көтерілетініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша бірлескен жұмысты белсенді жалғастыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестікті нығайту және қазақ-тәжік қатынастарына тың серпін беру мақсатында Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Еске салайық, Бүгін Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды. Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.

Тәжікстан астанасы Душанбеде президент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді.



#тоқаев #эмомалирахмон #тәжікстан #душанбе #президент

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.10.2020
01.08.2020
24.07.2020
24.12.2019
16.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30