USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Н.Нығматулин: Бірлік күні – еліміздің татулығы мен тұтастығының белгісі

  • 01.мамыр.2021, 13:11,
  • 366

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады. 

- Барша қазақстандықтарды еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі, - деді Нұрлан Нығматулин.


Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.



#1Мамыр #мереке #Нығматулин #мәжіліс #төраға #құттықтау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2021
11.03.2021
30.12.2020
18.12.2020
17.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031