1. Соғыста ресми статистика бойынша 387 мың адам қаза тапқан. Бұл сырттан келген содырларды есептемегенде. Ал бейресми деректер бойынша оққа ұшқандар саны 700 мыңнан басталып, 1 млн арасында.
2. Соғыс салдарынан 5,6 млн адам сырт елдерге босып кетті. Босқындардың басым бөлігі Түркия, Ливан мен Иорданияға ағылған. Біразы Еуропа елдеріне барды. Ал Сауд Арабиясы мен БАӘ босқын қабылдаудан бас тартты.
3. Елдің ішіндегі босқындар саны 6,7 млн адамды құрайды. Олар ұрыс аймақтарынан елдің қауіпсіздеу өлкелеріне үнемі қоныс аударымен келеді.
4. Гуманитарлық көмекке 13 млнға жуық адам зәру. БҰҰ-ның мәліметіне сенсек, Сирияда күніне 12 млн адам тамақ іздеумен жүрсе, балалардың 60% ашыққандар қатарында. 2 млн халық кедейліктің ең соңғы шегінде өмір сүріп жатыр.
5. Жарақат алғандар саны ресми дерек бойынша 2.2 млн адам, ал із-түссіз жоғалғандар саны 200 мыңнан асады.
6. Қазіргі таңда Асад елдің 60% өз бақылауында ұстап отыр, онда шамамен 11-12 млн халық тұрады. Ал оппозициялық күштердің иелігінде тұратын халық саны 2 млн. Түрлі террорлық топтардың аймағында тұрып жатқан тұрғындар саны 1.5-2 млн адамды құрайды. Байқағандарыңыздай ел бөлшектеніп кеткен.
7. World Vision ұйымының есептеуінше Сирия соғысы ел экономикасына 1,2 трлн доллар шығын әкелген. Демек әр жыл сайын 120 млрд доллар шығын болған. Сұмдық көрсеткіш қой.
8. Cирияда 70% электр тоқтары істен шыққан. Соғыстың салдарынан түрлі маман иелері елден кетіп қалған, олардың ішінде 75% дәрігерлер. Елдегі ауруханалардың 58% ғана жұмыс істейді. 2.4 млн бала мектепке бармайды, ал мектептердің 67% қираған, әскери және террорлық топтардың базаларына айналдырылған.
ПыСы: Егер жағдайға реали қарасақ, Сирия деген мемлекет тек картада ғана бар. Ал шынайы өмірде жоқтың қасы. Мемлекет ықпал ету аймақтарына бөлініп кетті. Ресей, Түркия, АҚШ, Иран өз аумақтарын алды. Израиль күнде Сирия аумағын бомбалаумен келеді. Енді бұрынғы Сирия қалпына келу үшін кемі 100 жыл уақыт керек шығар. Елді көтеретін білікті мамандар не өлді, не елден кетіп қалды. Олар қайтып оралмайды, демек Сирияның да қайта түлеуі екіталай.
Сонда да үмітсіз шайтан. Мен Сирияға тыныштық оралып, соғыстың үні өшіп, балалар қайта күліп, Күннің қайта жадырауын тілеймін. Бейбарыс пен Әл-Фараби жатқан мекенге бақыт құсы қайта оралсын...
скачать dle 12.0