USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мектеп кітапханашыларының мәселесі неге шешілмей жатыр?

  • 10.қыркүйек.2020, 17:16,
  • 586

Мектеп кітапханашылары – педагог емес, бюджет қызметкерлері. Үкіметтегілер осылай дейді. Тиісінше оларға жалақы бюджет қызметкерлеріне төлеу тәртібі бойынша беріледі.

Жақында Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары мектеп кітапханашыларының мәртебесі және олардың еңбекақысы туралы мәселе көтерген еді. Сол кезде ҚКХП атынан сайланған депутат Магеррам Магеррамов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет министрлігі, басқа да агенттіктер дәл осы санаттағы жұмысшылардың проблемаларымен айналыспайтынын атап өткен.

Мұндай адамдардың саны 5 мыңнан асады. Министрліктер кейде мұғалімдер мен қалалық және республикалық кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп жатқанда, мектеп кітапханашылары үнемі елеусіз, ескерусіз қалады.

– Оларды үнемі ұмытып кетеді, – деген болатын Магеррам Магеррамов.

«Халық коммунистері» шенеуніктерді мектеп кітапханашыларының мәртебесін анықтауға шақырды. Сондай-ақ олардың жалақысын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көбейтуді, тұрақты еңбек демалыстарының мерзімін ұзартып, мұғалімдердің демалысымен теңестіруді ұсынды.  

Алайда Үкімет мұнымен келіспеді.

«…Мектеп кітапханашыларының  жұмысы педагогикалық қызметпен емес, мәдени-ағартушылық қызметпен байланысты. Олар педагогикалық қызметкерлермен теңестірілмейді», – деп жауап берді Премьер-министр Асқар Мамин депутаттық сауалға.

Премьер-Министр мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа қаулысымен реттелетінін атап өтті. Аталған құжатқа сәйкес, жалақыны есептеу үшін коэффициенттерді қолдана отырып, қызметкердің жалақысының мөлшері анықталады.

«…Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметшілердің тізіліміне сәйкес, мектеп кітапханашылары әкімшілік қызметкер болып табылады…», – деп нақтылады Асқар Мамин.

Үкімет басшысы кітапханашылардың жалақысы екі есе өскенін еске салды. Рас, былтыр өскен болатын. Бірақ, қаншаға өскенін нақтыламаған.

«…Осылайша, Үкімет нақты қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып, мемлекеттік сектордың барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жүйелі шара қабылдауда…», – деп аяқтапты жауабын Үкімет басшысы.



#кітапхана #мектеп #мәселе #сараптама 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.08.2020
26.07.2020
17.07.2020
08.06.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930