USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ президенті оффшормен күрес жүргізетін болады

  • 11.қазан.2021, 13:30,
  • 188

Байденнің әлемдік қауымдастық алдындағы алғашқы инициативаларының бірі – оффшормен қатаң күресті бастауы болды.

Ең алдымен оффшор деген не? Кейбір елдерде компаниялар мен жеке адамдар өз елінде салық төлемеу үшін басқа елдерде оффшорлық счет ашады да салықты сонда төлейді. Әдетте олар сол елдерде белсенді бизнес жүргізбейді. Оффшор деген сөз "жағалаудан алыстағы" деген мағына береді, яғни көбіне ондай елдер жылы жақтарда орналасқан, табиғи ресурстарға кедей елдер, сондықтан да оларда басқа елдердегі компанияларды қызықтыру үшін салық төмен болады.


Мұндай жерлерде ұрлық та, коррупция да көп болады, әдетте оларды қолмен ұстап алу, қылмыстарын дәлелдеу өте қиын. Оны экономикалық тетіктер арқылы ауыздықтамаса, тек әкімшілік ресурстармен тыйым салу арқылы тоқтату да мүмкін емес.


Сондықтан да АҚШ Қаржымині Жанет Йелленнің ұсынысы бойынша енді барлық жерлерде барлық компаниялар үшін бірдей 15%-тік салық ұстау қажеттілігі айтылған болатын. Мұны Байден қолдады және G7 кездесуінде бұл мәселе қозғалып қолдау тапты. Қазіргі таңда осы инициативаны 136 мемлекет қолдап отыр екен.


Бұл елдерде әлемдік ЖІӨ-нің 90%-і өндіріледі. Әзірге бұл келісімге Кения, Нигерия, Пакистан және Шри-Ланка мемлекеттері келісім бермепті. Соған қарағанда Қазақстан да осыған келіскен сыңайлы, алайда интернет беттерінен қанша ізденгенмен де оған келіскендігі туралы ақпар табылмады.


Келісімге сәйкес ұйымдар мен компаниялар өздерінің штаб-пәтерлері қай елде орналасқанына қарамастан қай елде жұмыс жасап табыс табатын болса, кемі 15%-дан кем емес салығын сол елге төлейтін болады және ол жылдық табысы €750 млн-нан кем емес компанияларға қолданылатын болады. Көріп отырғанымыздай, мұндай Келісім Қазақстан үшін тиімді болмақ, себебі мұнай өндіріп жатқан х/а корпорациялардың табысы миллардтаған долларларды құрайтыны анық.


Келісімге алдағы 2022 жылы қол қойылып, ол 2023 жылдан бастап жүзеге асады деп күтіліп отыр. Бұл Келісім не береді? Ең алдымен оффшор туралы сөз бұрынғы мағынасындағыдай болмайды, бәрібір барлық елдерде табыс салығы 15% болса онда счетты бөтен елде тығудың еш мағынасы жоқ, қайта ол бұғатталу ықтималдығын күшейте түседі. Оффшорларда жасырын айналымда жүрген триллиондаған долларлар ашыққа шыға бастауы керек, ал ол елдер экономикасына қызмет ете бастайды.


Әрине, Келісімге қол қойылғаннан кейін тиісінше х/а бақылау да күрт күшейтілуі тиіс, тіпті х/а барлау органдары құрылып жатса да артық емес. Экономикасы бай елдерге көмекке деп млрд-таған долларларды экономикасы артта қалған елдерге бөліп жатқаннан көрі осындай экономикалық тұтқаларды іске қосса оның эффектілігі анағұрлым тиімді болуы мүмкін.


Байден мұны коррупцияға қарсы басты шаралардың бірі деп есептейді.


Егер оффшорлар арқылы ресурсы бай елдерден жасырын ақша шығару ісі тәртіпке келтірілсе, қалған ақшаны есептеп шығару біршама жеңілдеуі тиіс, өйткені жылына қанша өнім өндірілгенін және одан түскен пайданы есептеп шығару онша қиындық тудырмаса керек. Әсіресе ресурсқа бай, бірақ халқы кедей тұратын авторитарлы елдерде коррупцияға қарсы демократтар бастаған осындай күреске деген сенім мен үміт бар. Тек халықаралық қауымдастықтың осындай күресі нәтижесінде ғана олардың арандай ашылған аппетиттерін ауыздықтауға болар, әйтпесе өз күштерімен оларды тәубесіне келтірудің мүмкіндігі қалмаған, делінеді жазбада.

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
28.09.2021
10.08.2021
09.08.2020
05.06.2020
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031