USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дизель отынның тапшылығы әдеттегідей сезіле басталды

  • 03.қыркүйек.2021, 12:21,
  • 128

Дизель отынының тапшылығын бірінші болып еліміздің батыс өңіріндегі көлік жүргізушілері бір апта бұрын сезінді.

Соңғы екі-үш күнде Алматыдағы кей жанармай бекеттері дизельді карта, талонмен немесе бір адамға 20 литрден ғана сата бастады. 1 қыркүйекте дизель тапшылығы Нұр-Сұлтанда да туындады.


Энергетика министрлігінің шенділері республикада дизель мен бензин жеткілікті мөлшерде өндірілетінін айтады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматыда АИ-92 бензинінің жалпы қоры 25,7 мың тоннаны құрайды, бұл өңірдің 15 күндік қажеттілігін өтеуге жетеді, ал дизель отынының қоры - 12,7 мың тонна, бұл 18 күнге жетуі тиіс екен.


"АИ-92 бензиннің айлық тұтынылуы 51,3 мың тоннаны (1,7 мың тонна/тәулік), дизель отыны – 21,1 мың тонна (тәулігіне 0,7 мың тонна) құрайды. Бүгінде Алматының жанармай құю стансаларында АИ-92 бензинінің бөлшек бағасы 170-175 теңге аралығында, дизельдің бағасы 195-203 теңге аралығында. Барлық мұнай өңдеу зауыттары қалыпты жұмыс істеп тұр және мұнай өнімдерін күнделікті ішкі нарыққа жөнелтуде", - деп түсіндірді министрлік.


Егер елде дизель әзірге жеткілікті болса, ол неге көлік иелеріне жетпей жатыр? Мұнай-газ саласының сарапшысы Ерлан Жаукиннің айтуынша, бүгінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бекеттері желілеріне дизель бағасын шамамен 202 теңге деңгейінде ұстауды ұсынады. Ал зауыттардың көпшілігінде жеткізу шығындарын қоспағанда көтерме бағалар қазірдің өзінде литріне 197 теңгеден бастап 205 теңгеге дейін белгіленген. Ал бөлшек сатушылар мысалы, дизельді Павлодарда 197 теңгеден сатып алып, оны тасымалдау, сақтау қызметтеріне ақы төлеуі керек, сосын оны 202 теңгеден сатуы керек екені белгілі болды. Еш пайда әкелмейтін, тек шығынға батыратын тірлік қой бұл?


Сарапшының сөзінше, монополияға қарсы күрес органдары 202 теңге деген бағаны тек ұсынады, бірақ бұл шектен асқан кезде сатушыларды неше түрлі тексерумен "қинай" бастайды. Нәтижесінде, мұндай жағдайда дизель саудасымен ешкім айналысқысы келмейді.


Сонымен қатар, Жаукин елде дизель отынының қоры іс жүзінде жоқ дейді. Қазіргі күні өңірлерде шамамен 180 мың тонна сақталып, зауыттарға жөнелтуге дайын тұр. Ол Қазақстан үшін 15 күнге жетуі керек. Қыркүйек пен қазан айы қашан да дизельді тұтынудың ең жоғары кезеңі, негізінен егін орағына байланысты. Екіншіден, биыл құрғақшылық салдарынан шөп шабу ерте басталды, бұл да жанармай бекеттеріне салмақ салды. Теміржол көлігімен тасымалдау көлемі де өсті.


Іс жүзінде толық жүктемемен жұмыс істеген зауыттар ай сайын шамамен 480 мың тонна дизель шығарады. Ал тамыз айындағы тұтыну көлемі кеше ғана әрең жабылған – 530 мың тонна. Қыркүйек айында елге шамамен 510 мың тонна қажет болады. Қазақстанға шамамен 30 мың тонна жетіспейді. Егер елде қор болғанда, өңірлерде кемінде 200 мың тоннаға жуық запас болғанда, жанармай бекеттеріндегі тапшылықтың алдын алар едік. Сосын кейбір мәліметтер бойынша, ай сайын 30 мың тоннаға жуық дизель отыны Қазақстаннан "көлеңкелі құбырлар" арқылы көрші мемлекеттерге кетіп жатыр.


Бүгінде үкімет деңгейінде ұсынылған жалғыз шешім – дизель литрінің бағасын бақылаудан бас тарту. Жанармай нарығымыздағы қиын жағдайды Ресейден 30 мың тонна дизель импорттау арқылы да жақсартуға болар еді. Бірақ оларда көтерме баға бізге қарағанда жоғары (тоннасы шамамен 70-80 доллар) және біз оны тек одан да жоғары бағамен сата аламыз. Ал монополияға қарсы комитеттің шектеулеріне байланысты, бұлай етуге болмайды.


Мәселені квазимемлекеттік сектор, яғни "ҚазМұнайГаз" ғана шеше алады. Ол ішкі нарықты қолдау мақсатында өзіне шығын келсе де, төмен бағамен сатуы керек. 2014 жылы компания дәл осылай жасаған, Қазақстанға Ресейден шамамен 100 мың тонна бензин тасып әкелген. Бірақ ол кезде бұл шешімді елдің жоғары билігі қабылдаған еді.


Сарапшының айтуынша, егер мәселені шешпесе, жағдай тек ушыға береді. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанда қазан айындағы дизельге деген сұраныс қыркүйек айымен бірдей. Ал 24 қыркүйекте Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылуы тиіс. Енді жабылу күнін 1 қазанға ауыстыру мәселесі талқыланып жатыр, одан әріге кейінге қалдыруға болмайды. Әйтпесе, аяздың басталуымен кәсіпорындағы қондырғыларды іске қосу қиын болады. Зауыттың бір апта артық жұмыс істегені қыркүйектегі дизельге деген сұранысын жабар, бірақ іс жүзінде мәселе тек бір аптаға кейінге ысырылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.08.2021
30.07.2021
24.06.2021
27.04.2021
25.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031