USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арман Шораев билікке наразылығын білдірді

  • 01.қазан.2021, 11:06,
  • 185

Баяғы жартас сол жартас екен. Қайтадан осы тақырыпқа айналып келуге тура келді. Кеше Мәжілісте депутаттың қазақша қойған сұрағына су жаңа министр "мен орыс тілінде жауап берейінші" деп шықты, дейді желіде Арман Шораев.

Шораевтың пікірі мынау екен:


Қазақша сұраққа қазақша жауап бере алмады. Оған біздің спикеріміз Нығматулин мырза шықты намыстанып: әй, айналайын, сен қазақсың, біз патриотпыз, қазақ тілінде сөйлеуіміз керек деп...


"Айналайын, Нығматулин, сол министрді тағайындау алдында рұқсат берген өздерің ғой? Осындай жігіт министр болсын дегенде қолдарыңды көтердіңдер. Енді не тілейсіңдер? Рұқсатты беріп, сол жігітті өздерің тағайындадыңдар. Сондықтан екіжүзді болмаңдар.


Таңдаған адамдарың ана тілін білмейді, ана тілін құрметтемейді.


Мен бір мысал келтірейін: сендер элиталық атқораның қабылдау комиссиясы болып, алдарыңызға біреу "мынау керемет тұлпар" деп жаман есекті әкеп тұрса, сендер оны қабылдайық деп қол көтересіңдер. Солай сендер тұлпарға арналған атқораны бес-алты жылда есекпен толтырасыңдар. Элиталық атқора солай есек қора боп шыға келеді. Сондықтан айналайындар, енді өздеріңе ғана ренжіңдер. Бұған кінәлі біреуді көргілерің келсе, барып айнаға қараңдар. Осындай жағдайға өзерің кінәлісіңдер, халықтың якобы қалаулылары, сау болыңдар", - деп кейіп отыр Шораев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
01.09.2021
11.05.2021
29.01.2021
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031