USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көптеген елді-мекендерде су ішуге жарамсыз, қымбат

  • 30.қыркүйек.2021, 18:12,
  • 221

"Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі, депутат Асқарбек Үйсімбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың Ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде қалалар мен ауылдардың 100%-ын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Осыған байланысты біз, "Нұр Отан" партиясының депутаттары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда көзделген барлық қойылған міндеттер Ұлттық жобада ескерілуі тиіс деп есептейміз", - деді ол.


Бізді алаңдатып отырған мәселе – көптеген шағын қалалар мен ауылдарда ауыз су сапасының төмендігі, магистральдық желілер жабдықтарының тозуынан су жеткізуге кедергі келтірілуі. Су – көптеген жерлерде тұтынуға мүлдем жарамсыз, сапасы бағасына сәйкес келмейді. Осыған байланысты тұрғындар дүкендерден бөтелкедегі суды сатып алуға немесе сүзгілерді орнатуға мәжбүр.


Сондай-ақ, су қабылдау станцияларында электр қуатын ажыратқан кезде, тұрғындар үнемі ауыз сусыз қалады. Ал, жоғарғы қабаттарда тұратын тұрғындар судың төмен қысымына шағымданады, нәтижесінде суды тек түнде пайдалануға мәжбүр болады.


Алматы және Түркістан облыстарының ауылдық елді мекендерінде және еліміздің батыс өңірлерінде де ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы өткір болып тұр.


Сумен жабдықтау және кәріз тарифтері бойынша да сұрақтар туындайды. Бір текше метр судың тарифі еліміз бойынша орташа есеппен 64,26 теңге, ең қымбат су – Маңғыстау облысының тұрғындарында, шамамен 200 теңге. Басқа өңірлерде тарифтер 33-тен 90 теңгеге дейін өзгеріп отырады.


Осы тарифтердің құрылымында магистральдық желілерді жаңғырту және ұстаудағы үлесі маңызды.


Жоғарыдағы мәселелерге байланысты және Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешу тапсырмасын мүлтіксіз орындау мақсатында Ұлттық жобада мынадай шараларды қарастыру қажет деп есептейміз:


1) еліміздің қалаларында жаңа тұрғын үй кешендерін салуды ұлғайтуға байланысты қуаттардың жетіспеушілігі проблемасын шешу;


2) авариялық жағдайдағы желілерге мониторинг жүргізу және техникалық ескірген, тозған жабдықтар мен су құбыры желілерін ауыстыруды қамтамасыз ету;


3) ауыз судың сапасын қамтамасыз ету, өйткені тұтынылатын су жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен тікелей байланысты;


4) сумен жабдықтаудың өзіндік құнын төмендететін тиімді жұмыстар жүргізіп, өңірлерде тұтынылатын су тарифтерін реттеу;


5) жерасты тұщы су көздерін анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу.


"Депутаттық сауалдың қарау нәтижелерін заңда белгіленген тәртіппен хабарлауыңызды сұраймыз", делінеді сауалда.


Айта кетсек, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 277-тармағында 2025 жылға дейін қалалар мен ауылдардың тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтерін 100% қол жеткізумен қамтамасыз ету көзделген.


2021 жылғы республикалық бюджетті нақтылау қорытындысы бойынша 350 жобаны іске асыруға 151,4 млрд теңге бөлінген, оның ішінде: қалалар бойынша – 92 жобаға 77,3 млрд теңге, ауылдар бойынша – 258 жобаға 74,1 млрд.теңге қаралып отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8% жеткізу жоспарлануда.


"Бірақ, іс жүзінде өңірлерге, әсіресе ауылдық жерлерге сапар барысында бұл мәселенің әлі де өзекті болып отырғанын көреміз. Қазіргі уақытта ауыз сумен қамту көрсеткіштері және тұтастай алғанда сумен жабдықтау жүйелерінің, әсіресе ауылдарда, сипаттамалары бұрынғысынша қанағаттанарлықсыз күйде", - деді Асқарбек Үйсімбаев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.06.2021
14.06.2021
11.06.2021
25.02.2021
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930