USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Өнер және ойын-сауық" салалалырының мамандарына сұраныс азаяды

  • 22.қыркүйек.2021, 09:55,
  • 236

Қазақстанда 2040 жылға қарай 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, мұнай-газ, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, құрылыс сияқты салаларда жаңа мамандықтар пайда болады.


Оның ішінде 2026 жылға қарай 3D-баспа шебері, ауқымды деректердің сәулетшісі, digital-технолог, пилотсыз ұшу аппараттарының операторы, жұмыс процестерін 3D-модельдеу жөніндегі мамандар орта толтырып, сұранысқа ие болады.


Салалар бөлінісінде кадрлардың басым бөлігі білім беру саласында – тағы 191,9 мың адам (18%), өңдеу өнеркәсібінде – 105,6 мың (10%), сондай-ақ, ауыл шаруашылығында – 87,4 мың адам (8%) қажет болады.


Жалдамалы еңбекке жиынтық сұраныстың ең азы "қаржы және сақтандыру" секторларында – 9,9 мың адам (1%), "өнер және ойын-сауық" секторларында – 11,8 мың (1,1%), сондай-ақ, электрмен және энергиямен жабдықтау саласында 12,1 мың адам (1,2%) болжанады.


Сонымен қатар, 2025 жылы әйелдердің зейнеткерлік жасын одан әрі біртіндеп арттыруды ескере отырып, еңбекке қабілетті жастағы халық саны 11,8 млн адамнан басталатын болады. Бұл 2020 жылғы деңгейден 5%-ға артық. Алайда, алдағы жылдары еңбек нарығына жастардың ағылу қарқынының төмендеуін күтілуі мүмкін. Бұл ретте зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлердің үлесі өспек.


Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда жұмыс орындарының жартысынан көбі (52%) автоматтандырудың жоғары немесе елеулі тәуекеліне ұшырайды, бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бойынша (47%) және көршілес Ресей (47%) бойынша орташа деңгейден жоғары. Осыған байланысты көпшілігі өз дағдылары мен жұмыс әдістерін жетілдіруге мәжбүр болады. Алайда, 25-64 жас аралығындағы Қазақстанның ересек халқының 26%-ы уақыттарының тым көбі жұмыста өтетінін айтып, қосымша білім ала алмайтындарын айтса, азаматтардың 25%-ы қосымша білім ала алмау себебін жағдайлары жоқтығымен түсіндірді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
09.07.2021
08.07.2021
20.05.2021
Қазақстаннан мамандар неге кетіп жатыр?

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан кеткендердің көбі – техникалық мамандар (933 адам). Одан кейінгі орындарда экономистер (466 адам), педагогтер (249 адам), медицина мамандары (186 адам), заңгер (113 адам), сәулет-құрылыс (80 адам) және ауыл шаруашылығы (43 адам) саласының мамандары тұр.

13.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031