USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстаннан мамандар неге кетіп жатыр?

  • 20.мамыр.2021, 16:54,
  • 354

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан кеткендердің көбі – техникалық мамандар (933 адам). Одан кейінгі орындарда экономистер (466 адам), педагогтер (249 адам), медицина мамандары (186 адам), заңгер (113 адам), сәулет-құрылыс (80 адам) және ауыл шаруашылығы (43 адам) саласының мамандары тұр.

Елге көшіп келгендердің де көбі техникалық мамандар (224 адам), содан кейін экономикалық (126 адам), педагогикалық (70 адам), медициналық (62 адам) заңгерлік – (48 адам), ауыл шаруашылық – (27 адам) және сәулет-құрылыс – (24 адам) саласының мамандары.

Қазақстаннан кеткен 1540 адамның жоғары білімі бар. Бұл 15 жастан асқан мигранттардың жалпы санының 36,9%-ын құрайды. Сонымен бірге кәсіптік орта білімі бар – 1351 (32,3%) адам, жалпы орта білім бар – 865 (20,7%), негізгі орта білім бар – 423 (10,1%) адам елден көшкен.

Жылдың бастапқы үш айында Қазақстанға келген 499 адамның (26,8%) жоғары білімі болса, 620 адамның (33,3%) орта кәсіптік білім, 441 адамның (23,7%) жалпы орта білімі, 302 адамның (16,2%) негізгі орта білімі болған.

Жыл басында Қазақстаннан кеткен 5519 адамның 4413-і Ресейге, 745-і Германияға, 70-і Израильге, 41-і Польшаға, 36-сы Өзбекстанға, 34-і Беларуське, 32-сі АҚШ – қа, 23-і Қырғызстанға, 14-і Украинаға, 12-сі Канадаға көшкен.

Қазақстанға қоныс аударған 2066 адамның 851-і Ресейден келген. Өзбекстаннан – 518, Қырғызстаннан – 125, Әзербайжаннан – 87, Қытайдан – 68, Түркиядан – 62, Ауғанстаннан – 57, Тәжікстаннан – 48, Германиядан – 42, Түркіменстаннан – 38, АҚШ-тан – 21, Украинадан – 20.

Басқа елге Қостанай облысынан – 736 адам, Қарағанды облысынан – 709 адам, ШҚО-дан – 659 адам, Павлодар облысынан – 600 адам, Алматыдан – 546 адам, Ақтөбе облысынан – 447 және СҚО-дан – 376 адам көшіп кетті.

Ал Қазақстанға көшіп келгендердің 394-і Алматыға, 377-сі Маңғыстау облысына, 160-ы Шымкент және Қостанай облыстарына, 127-сі Нұр-Сұлтанға, 122-сі СҚО-ға, 107-сі Павлодар облысына, 106-сы ШҚО-ға және 103-і Түркістан облысына қоныстанған.

I тоқсанда Қазақстаннан 3648 орыс, 602 неміс, 450 украин, 261 қазақ, 159 татар, 77 беларусь, 50 поляк, 36 корей, 31 өзбек, 24 әзербайжан көшіп кеткен.

Елге 666 қазақ, 615 орыс, 102 әзербайжан, 100 өзбек, 63 украин, 61 түрік, 58 қырғыз, 51 неміс, 45 тәжік, 43 татар, 38 қарақалпақ, 34 ауған, 31 кәріс және 16 Үндістан мен Пәкістан азаматы көшіп келген.



#мамандар #шетел #Қазақстан #сараптама 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
15.02.2021
14.12.2020
15.08.2020
15.08.2020
13.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930