"Жалпы осы оқиғалардың салдарынан 182 адам зардап шекті, негізінен көбі жеңіл жарақат алған, біразы амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Бүгінгі таңда Алматы қаласының стационарларында 29 науқас бар, оның төртеуі - жансақтау бөлімінде жатыр. Жамбыл облысының стационарларында 12 науқас бар, оның ішінде 11-і Қордай ауданында, біреуі Тараз қаласында. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Қырғызстаннан келген тоғыз науқас Алматыға екі тікұшақтың көмегімен тасымалданды. Зардап шеккендердің ең жасы 17 - жаста, ең кәрісі - 77 жаста", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров.