USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қоқыстан Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды

  • 15.сәуір.2021, 16:42,
  • 257

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыстан пайда болғанын анықтап жатыр. 

Instagram желісінде жарияланған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба жатыр, оның бірі сынып қалған, ал екіншісі бүтін. 

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деді құзіретті орган өкілдері. 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылыының орталығынан екі шақырым жерде орналасқан. 

Сонымен қатар, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік рәміздерге мұндай көзқарас жол берілмейтінін хабарлады.



#қоқыс #прокуратура #Елтаңба #Павлодар 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031